Пайдаланушы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі бірлесіп — «Заң») сәйкес, «Workforce Solutions (Воркфорс Солюшнс)» ЖШС-не (бұдан әрі — «Оператор») және үшінші тұлғаларға, яғни қазіргі уақытта да, болашақта да қызметкерлердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі мән-жайлармен немесе құқықтық қатынастармен Операторға байланысты тұлғаларға, осы келісімде регламенттелген мақсаттарда, Заңға қайшы келмейтін тәсілдермен, Оператордың қалауы бойынша жалпыға қолжетімді көздерді қоса алғанда, Оператормен бұрын туындаған немесе болашақта туындайтын шарттық және өзге де азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты, электрондық, қағаздық және (немесе) өзге де материалдық тасымалдаушыда тіркелген, соның ішінде мыналармен шектелмей, төмендегі дербес деректерді, сондай-ақ болашақта олардағы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жинауға және өңдеуге сөзсіз келісімін береді:
Дербес деректер субъектісінің дербес деректерін Оператор тарапынан жинау, өңдеу және беру мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады, соның ішінде мыналармен шектелмей:
1) дербес деректер субъектісінің құзыреттіліктер мен жұмыс нәтижелерін бағалауға қатысуы, даму жоспарларын жүргізуі, мақсаттар қоюы үшін «Workforce Solutions (Воркфорс Солюшнс)» ЖШС-нің «Эйдей» платформасында тіркелу мақсатында.
Пайдаланушы мынаны растайды:
1) осы келісім Оператормен барлық қатынастарға, оның ішінде бұрыннан бар және (немесе) осы келісімді беру кезінде туындайтын, сондай-ақ болашақта туындайтын кез келген өзге қатынастарға қолданылады және Оператормен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар және (немесе) өзге де мәмілелер (шарттар, келісімдер және т.б.) қолданылып тұрған мерзімде де, олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасы жүктеген құқықтар мен міндеттерді Оператор тиісінше орындауы үшін қажетті мерзімдер ішінде күшінде болады;
2) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), байланыс ақпаратын (электрондық пошта мекенжайы) қамтитын дербес деректер жалпыға қолжетімді болып табылады, яғни оларға қолжетімділік еркін;
3) Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда дербес деректер субъектісінің келісімінсіз дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге құқылы;
4) Оператор Заң талаптарын және (немесе) осы келісімде қол жеткізілген шарттарды сақтаған жағдайда, пайдаланушының дербес деректер субъектісі қызметкерлерінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және беруге қатысты Операторға одан әрі ешқандай талаптары болмайды;
5) осы келісім мақсаттары үшін бас әріппен жазылған сөздер мен тіркестер Заңда регламенттелген мағынаға және (немесе) анықтамаға ие;
6) осы келісімнің мәтінімен танысып шықты, толықтырулар, ескертулер және қарсылықтар жоқ.